Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады • «Жаның жәннатта болсын!»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы сынға қалды (ВИДЕО) • Тұманда жантүршігерлік жол апаты: әйел көлігімен бір үйір жылқыға соғылды • «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады • «Жаның жәннатта болсын!»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы сынға қалды (ВИДЕО) • Тұманда жантүршігерлік жол апаты: әйел көлігімен бір үйір жылқыға соғылды • «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді •

    Шавкат Рахмонов UFC P4P рейтингінен шығып қалды

    Шавкат Рахмонов UFC P4P рейтингінен шығып қалды

    UFC жаңартылған pound-for-pound (P4P) рейтингін жариялады. Алайда бұл жолы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың есімі үздіктер тізімінен алынып тасталды.

    Еске салсақ, Рахмонов алғаш рет 19 тамызда UFC-дің ең үздік 15 файтері қатарына енген еді. Сол кезде ол бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейраны рейтингтен ығыстырған болатын. Бірақ жаңа жаңартылған тізімде Оливейра қайта оралып, Шавкатты ығыстырды.

    Қазіргі таңда «Номад» жарақатынан сауығып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, ол 2026 жылдың басында октагонға оралуы мүмкін. Келесі жекпе-жек Рахмонов үшін шешуші сынақ болмақ — жеңіс оған P4P рейтингіндегі орнын қайта қайтаруға мүмкіндік береді.

    Еске салайық, Шавкат Рахмоновтың кәсіби рекорды — 18 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →