Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Оралда бетперде киген ер адам азық-түлік дүкеніне пышақпен шабуыл жасады 5 тамызда Достық үйінде медиация күніне арналған ашық есік күні өтеді Алтынай Жорабаеваның келіні ұзатылған қызға дүние апарып, сынға қалды Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Оралда бетперде киген ер адам азық-түлік дүкеніне пышақпен шабуыл жасады 5 тамызда Достық үйінде медиация күніне арналған ашық есік күні өтеді Алтынай Жорабаеваның келіні ұзатылған қызға дүние апарып, сынға қалды Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады

    Тірі ұлын «өлтіріп», 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған астаналық әйел сотталды

    Тірі ұлын «өлтіріп», 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған астаналық әйел сотталды

    Фото: Pixabay

    Әріптестері жанашырлық танытып, ем-домға көмек ретінде ақша жинап берген.

    Елорда тұрғыны баласының еміне қаражат керек деген желеумен әріптестерін алдап, ақша жинап алған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Астанада полиция қызметкерлері 31 жастағы әйелді жеке пайдасы үшін әріптестерінің сенімін теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартты.

    Декреттік демалыста жүрген әйел басшысына хабарласып, баласы терезеден құлап, жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан.

    Әріптестері жанашырлық танытып, ем-домға көмек ретінде ақша жинап берген.

    Алайда көп ұзамай шындық ашылды. Әріптестерінің бірі оның жұбайына хабарласқанда, ер адам баласының аман-есен екенін айтып, әйелінің айтқан сөзін жоққа шығарған.

    Тексеру барысында әйелдің жиналған қаражатты жеке қажетіне жұмсағаны, соның ішінде Түркияға демалысқа барғаны анықталды.

    Алаяқтық дерегі бойынша құқық қорғау органдары жедел тексеріс жүргізіп, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →