Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады • Мбаппе «Реал» сапындағы 100-ші голын «Барселонаға» соқты • Жұмамұрат Шәмші: Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін «көке» керек • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады • Мбаппе «Реал» сапындағы 100-ші голын «Барселонаға» соқты • Жұмамұрат Шәмші: Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін «көке» керек •

    «Келіндерімнің бейшара түрін көріп па едіңіз?»: Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қатысты сұраққа нүкте қойды

    «Келіндерімнің бейшара түрін көріп па едіңіз?»: Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қатысты сұраққа нүкте қойды
    Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

    Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Продюсердің күйеуі 60 жасқа толған мерей тойын дүркіретіп  атап өткен еді.

    Көпшілік тойдан Жұлдызды іздеп, өнер иесіне сауал жолдады. Гүлзира Үсенқызы оқырмандардың сұрағына жауап қайтарды.

    “Артық кетіп қалдыңыз. Инста әлеміне шықпаса аяқ-қолын кісендеп отырғызып 10 жыл тығып қойыпты дегенге келтіріп тұрсыз ба? Сізден 100 есе дұрыс өмір сүрген шығар қайдан білесіз. Анық көрінгісі келетін адамды ешкім ұстап отыра алмайды. Үйдің тірлігіне байладым деп те айта алмаймын, бәрін көмекшіге жасаттым, еш уайымсыз болыңыз. Сіз министрлер мен президенттің де әйелдерін көрмейсіз ғой, неге соларға әйелдеріңді шығармайсыңдар деп қырылмайсыз. Біреудің отбасына қадалып не болды сізге, менің келіндерімнің бейшара түрін көріп па едіңіз, елестетіп көріңіз”, – деп жауап қатты продюсер.

    Желі қолданушылары келіні Жұлдызды қонақтардың арасынан таппады.

    “Жұлдыз көрінбейді, ата-анасы да тойға келмеген”, “10 жыл бойы үйде отырғызып қойған келініңіздің тойға келмегені қызық екен”, “Құдалары оқыған-тоқыған азаматтар, мыналардың тойларына келе бермейтін шығар”, “Балаларын жіберіпті”, “Қайрат әлсіз болып тұр”, – деп жазды көпшілік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →