Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты •

    «Балаларымды бағып жатыр»: Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова бұрынғы ата-енесіне қатысты сұраққа жауап берді

    «Балаларымды бағып жатыр»: Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова бұрынғы ата-енесіне қатысты сұраққа жауап берді

    Фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/

    Танымал әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова бұрынғы ата-енесімен араласып тұратынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Өнер иесі балаларына қарайласатын ата-енесін мақтады.

    “Екі құлыныма жүректері кең, ұрпақ қамын ойлайтын, махаббат пен қамқорлығын аямайтын ардақты ата-әже нәсіп етті. Менің бұрынғы ата-енем балаларыма қарайды. Менің жұмысымның ақсап қалмауын түсініп, әрдайып қолдау білдіреді. Маған көп мүмкіндік берді. Жас кезімде дамысын, оқысын көрсін деп отырады. Аяққа тұрып, өсуімді тілейді. Бұрынғы күйеуімнің әке-шешесі өз ата-анама айналып кеткен. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Амандық болсын әрдайым”,  – деп жазды әнші.

    Сондай-ақ бұрынғы жолдасы Дәурен Айдарқұловтың үйленгеніне қатысты да пікір білдірді.

    “Ол қуанышты жаңалыққа әрине ортақтасамын. Себебі әр адам өз тіршілігін реттеуге, алға қарай қадам жасауға лайық. Жүрегімде тек қана шүкіршілік сезімі бар. Ол кісіге тек бақытты болсын деп айтамын”, – деп жазды өнер иесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →