Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды Трамп Ираннан соғыс шығынын өтеуді талап етті Пойыздағы кондиционер ақауы: жолаушылар ыстықтан зардап шекті Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды Трамп Ираннан соғыс шығынын өтеуді талап етті Пойыздағы кондиционер ақауы: жолаушылар ыстықтан зардап шекті

    Таразда автобустың мас жүргізушісі жолаушыларды тасып жүрген жерінен ұсталды

    Таразда автобустың мас жүргізушісі жолаушыларды тасып жүрген жерінен ұсталды

    Фото: Жамбыл облыстық полиция департаменті

    Таразда полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйде жолға шыққан автобустың жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық шара барысында құқық қорғаушылар күдік туғызған жолаушылар автобусын байқап, оны тексеру үшін тоқтатқан.

    Тексеру барысында №17 маршруттағы автобустың 55 жастағы жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды. Медициналық тексеру оның қанында алкоголь бар екенін растады.

    Осылайша жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 15 күнге қамауға алынды және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

    «Жүргізушінің мас күйде көлік жүргізуі жолдағы қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді және қатаң жауапкершілікке әкеп соқтырады», – деп ескертті полиция қызметкерлері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →