Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • Роднина Канада премьер-министрінің виза шешіміне жауап берді • Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпазы анықталды • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • Роднина Канада премьер-министрінің виза шешіміне жауап берді • Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпазы анықталды •

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
    Фото: instagram.com/akimat_shymkent
    Берік Беркімбаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

    «Президенті әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Берік Беркімбаев тағайындалды», – делінген ақпаратта.

    Берік Беркімбаев 1980 жылы Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген.

    Еңбек жолын 2001 жылы Прокуратура органдарында бастаған. 2010-2022 жылдар аралығында Жоғарғы сотының және Әділет министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

    2022-2023 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болған.

    2023 жылдың ақпан-мамыры аралығында Президент әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болған.

    2023 жылдың мамырынан қазірге дейін Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет етті.

    Бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өз еркімен қызметінен босатылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →