Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Электронды жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Электронды жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті

    Сенсация: Қазақ палуаны 26 жылдан кейін грек-рим күресінен алтын алды (ВИДЕО)

    Сенсация: Қазақ палуаны 26 жылдан кейін грек-рим күресінен алтын алды (ВИДЕО)

    Фото: ҰОК

    Қазақстан араға 26 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионатының бас жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

    Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер Ганиевтен (Өзбекстан) басым түсті.

    Айдос Қазақстанға 26 жылдан кейін ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтынын сайлады. Осыған дейін грек-рим күресінен Афиныда 1999 жылы отандасымыз Мхитар Манукян (63 кг) топ жарған. Осы аралықта Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадыраев, Қорлан Жақанша, Ержет Жарлықасын сынды бозкілем шеберлері бас жүлдеге бір табан жақын болды. Жалпы алғанда Сұлтанғали — егемендік алғаннан бері күрестің осы түрінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының финалында күрескен оныншы қазақ палуаны.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →