Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) •

    «Тұрсынбекті жек көрмеңіздер»: Мөлдір Мұқанова ел арасындағы өсекке тоқтау салды (ВИДЕО)

    «Тұрсынбекті жек көрмеңіздер»: Мөлдір Мұқанова ел арасындағы өсекке тоқтау салды (ВИДЕО)
    Фото: видеодан скриншот

    Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова берген сұхбатында отбасындағы жағдай, шығармашылық жолы және кино түсірудегі бастамасы жайлы ашық әңгімеледі, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Stan.kz сілтеме жасап. 

    Соңғы уақытта тыңдарманын жаңа хит әндерімен қуантқан Мөлдірдің әндері миллиондаған қаралым жинап үлгерген. Бұған дейін бар уақытын күйеуі Тұрсынбектің шығармашылығына арнаған ол қазір жеке дамуына көбірек көңіл бөліп жүр.

    Әнші бұған дейін сұхбаттарында әнге қабілеті жоқ екенін айтқан еді. Алайда ол өнерге деген құштарлығын ұзақ жылдар бойы басып келгенін мойындайды.

    «Ән айта бастасам, Тұрсынбек “сенің дауысың жоқ” деп тоқтататын. Бір кездері телеарнаға жүргізуші болғым келді, қолдау күткенмін. Бірақ ол “қолыңнан келмейді” деп ашық айтатын. Сөйтіп өзімді басып тастадым», – дейді Мұқанова көзіне жас алып.

    Мөлдірдің өнерін қолдайтындар да, сын айтатындар да бар. Соңғы кезде жұрт арасында «Қабатов тоқал алған» деген қауесет тарап жүргені жасырын емес. Бұл туралы ол:

    «Қазір жеке өмір туралы көп айтпаймын. Туыстарыма, достарыма “Тұрсынбек туралы өсек естісеңдер, жек көріп кетпеңдер” деп айтамын. Ол ешкімді ренжітпейтін жақсы адам. Әзілдерін көруге концертке барыңыздар», – деп жауап берді.

    Айта кетейік, қараша айында жарық көретін «Шай в большом городе» атты алғашқы туындысында көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берілетіні айтылды.

    @bbb_trende #рекомендации ♬ оригинальный звук — Тіркел ️

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →