Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    Студенттерді айдалаға көшіру керек – Жазира Байырбекова

    Студенттерді айдалаға көшіру керек – Жазира Байырбекова
    Фото: Instagram/zhazira.bairbekova

    Танымал әнші Жазира Байырбекова Алматыдағы көлік кептелісін азайту жолын ұсынып, оқырмандар арасында үлкен талқы тудырды.

    Өнер иесі Instagram парақшасында жазба жариялап, қаладағы кептелісті шешудің өзіндік нұсқасын ортаға салды.

    «Қайран кептеліссіз уақыт?! Алматының кептелісін қалай шешеміз, халқым?!
    Менің нұсқам: барлық оқу орындарын Қонаев, Қаскелен, Талғар, Есік қалаларына көшіруді ұсынар едім. Сіздің ойыңыз қандай?» – деп жазды ол.

    Алайда әншінің бұл ұсынысы көпшілікке жақпай қалды. Пікір білдіргендердің басым бөлігі Байырбекованың ұсынысын орынсыз деп бағалады.

    «2000 жылдан ескі көліктерді қалаға кіргізбесе, кептеліс сәл де болса азаяр еді», – десе, енді бірі: «Сонда тек тойханаларды қалдыру керек пе?», «Студенттердің ол жаққа қалай жететінін ойладыңыз ба? Олардың бәрі жеке көлік мінбейді ғой, пәтер жалдап әрең күн көріп жүр» деп наразылық білдірді.

    Кейбір оқырмандар тіпті:

    «Ең дұрысы өзіңіз көшіңіз адамы аз қалашыққа», «Жазира өз басын ғана ойлап отыр», «Студенттерді айдалаға көшіруден мәселе шешілмейді» деген пікірлер қалдырды.

    Осылайша, әншінің бастамасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, түрлі пікірлерге арқау болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →