Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды • 16 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды • 16 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды •

    54,1 мың қытайлық тоқтаған: Алматыға жарты жылда 1,1 миллионнан астам турист келген

    54,1 мың қытайлық тоқтаған: Алматыға жарты жылда 1,1 миллионнан астам турист келген

    Биылғы жылдың алғашқы жартысында Алматыға 1,14 миллионнан астам турист келді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% көп. Қалалық туризм басқармасы туристердің 323,5 мыңы шетелдік, ал 816,5 мыңы ішкі демалушылар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Әсіресе, Қытайдан келген мейман көп. Алты айда Алматыға 54,1 мың қытайлық азамат аялдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,4% артық. Қытай Үндістаннан кейінгі екінші орынды иеленді (56,2 мың адам). Үздік бестікте Түркия (17,9 мың), Корея Республикасы (9,7 мың), АҚШ (9,6 мың), БАӘ (6,7 мың) және Германия (6,5 мың) бар.

    Халықаралық туристер санының артуына туристік инфрақұрылымды дамыту мен қала қонақтарына арналған заманауи сервистерді енгізу ықпал етті. Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, Алматы демалыс пен іскерлік туризм үшін тартымды бағыт ретінде позициясын нығайтып, туристік лектің ауқымын кеңейтіп, келушілерге жайлы жағдай жасап отыр.

    Айта кетейік, 2025 жылы Алматы CNN нұсқасы бойынша үздік туристік бағыттардың қатарына кіріп, Booking.com тізімінде де жылдың трендтік бағыттарының бірі ретінде танылды.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →