Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,2 540,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында Болат Назарбаевтың балаларына тиесілі жер телімін қайтару туралы сот ісі қозғалды Испанияда Жерорта теңізіндегі ең ірі адам саудасы желісі ашылды Hyundai Elantra сегізінші буыны бірінші күні-ақ рекорд жасады Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына үндеу жасады Алматыдағы «Байсат» базары 24,8 млрд теңгеге сатылды Мемлекет басшысы кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты Алматы облысында Болат Назарбаевтың балаларына тиесілі жер телімін қайтару туралы сот ісі қозғалды Испанияда Жерорта теңізіндегі ең ірі адам саудасы желісі ашылды Hyundai Elantra сегізінші буыны бірінші күні-ақ рекорд жасады Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына үндеу жасады Алматыдағы «Байсат» базары 24,8 млрд теңгеге сатылды Мемлекет басшысы кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты

    Ерейментаудағы егес: боз кілемде белдескен жасөспірімнің мойыны сынып кетті

    Ерейментаудағы егес: боз кілемде белдескен жасөспірімнің мойыны сынып кетті

    Ақмола облысының Ерейментау қаласында өткен қазақ күресі турнирінде оқыс жағдай болды, деп хабарлайды Qazaq.today 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

    Ақтөбеден келген 15 жастағы спортшы белдесу кезінде мойнын сындырып, клиникалық өлім жағдайына түсті. Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, жасөспірімнің өмірін сақтап қалды.

    Зардап шеккен бала санитарлық авиация арқылы жедел түрде Астана қаласына жеткізілді.

    «2010 жылы туған жасөспірім №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Оған дереу консилиум ұйымдастырылып, Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар нейрохирургі қатысты. Қысқа уақыт ішінде интенсивті терапия басталды. Қазіргі таңда науқас анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр», — деп хабарлады Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Қазіргі таңда оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.

    Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитеті

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →