Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Чемпиондар лигасы-2026/27: «Сабах» «Барселона» және «Арсенал» клубтарымен кездеседі Үлкен Алматы көлі маңында тау жыныстары құлады Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайтыс болуы: сотта жаңа куәгерлер сұралды OpenAI зерттеушісі: өте жылдам AI қауіпсіздік қызметтерін артта қалдыруы мүмкін Еркебұлан Тоқтар кәсіби бокстағы жоспарын мәлімдеді Ақтөбеде жалған неке арқылы 50 млн теңге алған әскери қызметкер сотталды Чемпиондар лигасы-2026/27: «Сабах» «Барселона» және «Арсенал» клубтарымен кездеседі Үлкен Алматы көлі маңында тау жыныстары құлады Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайтыс болуы: сотта жаңа куәгерлер сұралды OpenAI зерттеушісі: өте жылдам AI қауіпсіздік қызметтерін артта қалдыруы мүмкін Еркебұлан Тоқтар кәсіби бокстағы жоспарын мәлімдеді Ақтөбеде жалған неке арқылы 50 млн теңге алған әскери қызметкер сотталды

    Конор Макгрегор Ирландия президенті болуға ниетті

    Конор Макгрегор Ирландия президенті болуға ниетті

    Фото: pravilamag.ru

    Әлемге танымал ирландиялық спортшы, UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор саясат сахнасына қадам басты.

    Ол өзінің Instagram парақшасында алдағы Ирландия президенттік сайлауына қатысуға ниетті екенін ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Ирландия азаматтары, нағыз өзгерістер уақыты келді! Президент ретінде мен заң жобасына бірінші халыққа ұсынылмайынша қол қоймаймын! Егер сіз менің атымды сайлау бюллетенінен көргіңіз келсе, бүгіннен бастап өз округіңіздегі депутаттарға хабарласып, менің кандидатурамды қолдауыңызды сұраймын», – деп жазды спортшы.

    Естеріңізге сала кетейік, Ирландиядағы президенттік сайлау 2025 жылдың 11 қарашасында өтеді. Қазіргі мемлекет басшысы Майкл Хиггинс бұл қызметте 2011 жылдан бері отыр.

    36 жастағы Конор Макгрегор Дублин қаласында туған. Ол ММА-дағы кәсіби мансабында 28 жекпе-жек өткізіп, 22 рет жеңіске жеткен. Әлемдік спорт тарихында алғаш рет UFC-дің екі түрлі салмақ дәрежесінде қатар чемпион атанған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →