Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті • Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky клипі плагиат дауына тап болды • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті • Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky клипі плагиат дауына тап болды •

    «Атымды хайп пен қаралымға пайдаланды»: Ерке Есмахан өзінің өміріне араласқан Ләйлә Сұлтанқызы сынады

    «Атымды хайп пен қаралымға пайдаланды»: Ерке Есмахан өзінің өміріне араласқан Ләйлә Сұлтанқызы сынады

    Коллаж: qazaq.today

    Әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызына ашық ренішін білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Жуырда Ләйлә Сұлтанқызы өзінің YouTube арнасында пластикалық хирургтарды қонаққа шақырып, отандық жұлдыздардың қайсысы қандай ота жасатқаны туралы сұхбат жүргізген еді. Дәрігерлердің әңгімесінде Ерке Есмаханның есімі де аталған.

    Дәрігерлердің айтуынша, ол жағына, көзіне пластикалық ота жасатқан. Қазақстанда сұраныс жоқ болғандықтан, Кореяда жасатқаны туралы болжам айтты.

    Бұл жағдай әншінің шамына тиген сияқты. Ол өзінің сторисінде Ләйләға тікелей жазып, мұндай қадамды күтпегенін мәлімдеді:

    «Ләйлә ханым, сіздікі жәй ма? Сұхбаттастарыңыздың айтып отырған қорқынышты нәрселерінің ешбірін мен бетіме жасатпағанымды сіз өте жақсы білесіз. Менімен жақын сыйлас әпкем ретінде өтірікке жол бермей, қорғаудың орнына, өзіңіз талқыға салып отырғаныңыз таңғалдырды», – деді Ерке.

    Сондай-ақ ол өзінің артынан айтылған әңгімелерге мән бермейтінін, алайда жақын адамдардың атын хайп пен қаралым үшін пайдалануын құптамайтынын айтты.

    «Өмірде жақын деп жүрген жандардың менің атымды хайп пен қаралымға пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін!», – деп жазды ол.

    Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік Еркені жақтап жатыр. Ал Сұлтанқызы тарапынан әзірге жауап берілген жоқ.

    Сіздің реакцияңыз?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →