Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия •

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды

    Фото: Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов

    29 тамызда Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін шығарды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қаржы ұйымы түсіндірмесінде жылдық инфляцияның 11,8 % деңгейінде сақталғанын атап өтті.

    Ұлттық банк дерегінше, шілдеде халықтың инфляцияға қатысты болжамы 14,2%-ға дейін өскен. Қысқамерзімді болжам – құбылмалы, ал ұзақмерзімді болжамдар әлі де жоғары. 2025 жылы инфляция – 11-12,5%, 2026 жылы – 9,5-11,5%, 2027 жылы – 5,5-7,5% шегінде болмақ.

    «Болжам жекелеген азық-түлік нарықтарында бағаның күрт өсуіне, сұраныс жағынан инфляциялық қысымның күшеюіне байланысты нақтыланды. Ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты және жоспарланған фискалдық шоғырландыру шаралары инфляцияға тежеуші әсер ететін болады. Болжам тәуекелдері фискалдық тәртіпті сақтауға, ішкі сұраныстың күшеюіне, сыртқы инфляцияның жеделдеуіне, инфляциялық күтулердің тұрақтамауына, сондай-ақ реттелетін бағалар мен ҚҚС көтерілуінің жанама әсеріне байланысты», – деп хабарлады реттеуші.

    Ал Қазақстан экономикасының 2025 жылға арналған өсу болжамын 5,5-6,5%-ға дейін жақсартты. 2026 жылға болжам 4-5% деңгейінде сақталды.

    «Мұнай секторындағы өсімнің жалғасуы және инвестициялық белсенділік 2026 жылы экономиканың өсуін қамтамасыз етеді. Жаңа болжамдарға сәйкес 2027 жылдан бастап ЖІӨ өсуінің қарқыны теңгерімділік деңгейге ұмтылады», – деп түсіндіреді Ұлттық Банк.

    Бірақ Ұлттық банк алдағы уақытта инфляция қарқыны баяуламаса, базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін екендігін ескертеді.

    «Алдағы айларда инфляция қарқынының айтарлықтай баяуламауы қалыптасып отырған ақша-кредит шарттарын қатаңдатуға негіз болады, ол шарттар инфляцияның 5%-дық ортамерзімді нысанаға қарай орнықты түрде төмендеу траекториясына оралуына ықпал етеді. Осыған байланысты ақша-кредит саясаты комитеті алдағы отырыстарда базалық мөлшерлемені көтерудің орындылығын қарастыратын болады», – деп мәлімдейді реттеуші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →