Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    «Ол менен бір нәрсе талап етті…»: Сабина Алтынбекова бапкерімен болған ара-қатынасын жайып салды

    «Ол менен бір нәрсе талап етті…»: Сабина Алтынбекова бапкерімен болған ара-қатынасын жайып салды

    Фото: sports.kz

    Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында 2014 жылы жастар құрамасының бас бапкерімен болған келіспеушіліктерін ашық айтты, деп Qazaq Today ақпарат порталы.

    Спортшының айтуынша, бапкер тарапынан оған алдын ала қалыптасқан теріс көзқарас болған.

    «Неге маған бұлай қарайтынын түсінбедім. Кейіннен “ол мүлдем ойнай алмайды, тек әдемілігі үшін ғана құрамада жүр. Жеңілістердің бәрі Сабинаға назардың көптігінен” деген әңгімелер тарады. Мұны қақтығыс деп емес, түсінбеушілік деп қабылдадым. Ол менен бір нәрсе талап етті, бірақ нақты не қалағанын түсіне алмадым. Әр жаттығудан кейін көз жасымды тия алмайтын кездерім көп болды. Тіпті қонақүйде тұрып бапкерге хабарласып: “Ұлттық құрамада ойнағым келмейді, қатты шаршадым” дейтінмін», – деді Алтынбекова.

    Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2013–2018 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнады. Ол алғаш рет 2013 жылы 23 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғаған. Ал 2014 жылы Тайбэйде өткен U-19 Азия чемпионатынан кейін бүкіл Азияға танылып, үлкен танымалдылыққа ие болды. 2018 жылдан бері ұлттық құрамаға шақырылмаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →