Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Шығыс Қазақстанда әйел адамды пойыз басып кетті

    Шығыс Қазақстанда әйел адамды пойыз басып кетті

    Фото: Pixabay

    Бүгін сағат 10:20-да Коршунов – Өскемен-1 (Өскемен-1 – Риддер учаскесі) темір жол бойына шыққан екі әйелді пойыз басып кетті. Бірі оқиға орнында жан тапсырып, екінші адам шұғыл ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

    «2025 жылғы 22 тамызда сағат 10:20–да Коршунов – Өскемен-1 (Өскемен-1 – Риддер учаскесі) аралығында пойыз машинисі темір жолға шыға келген әйелді көрген бойда қозғалысты шұғыл тежеуге талпынған. Алайда пойызды тоқтатып үлгеру мүмкін болмады. Оқиға салдарынан бірі қаза тауып, екінші әйел жарақат алды, бірден ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

    ҚТЖ қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтады және жапа шеккен жанның тезірек сауығып кетуін тілейді.

    «Компания азаматтарды теміржолда болу ережелерін қатаң сақтауға, өте мұқият және сақболуға шақырады. Темір жолы – қауіптілігі жоғары аймақ. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін», – деп жазды «Қазақстан темір жолы» ҰК».

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →