Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде Астанада түнгі салют атқан екі азамат бес тәулікке қамалды Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде Астанада түнгі салют атқан екі азамат бес тәулікке қамалды

    «Екі қыз анасыз қалды»: Атырауда ашушаң күйеу 14 жыл отасқан әйелін ұрып өлтірді

    «Екі қыз анасыз қалды»: Атырауда ашушаң күйеу 14 жыл отасқан әйелін ұрып өлтірді

    Желіде Майра Садуақас оның бөлесін күйеуі ұрып өлтіргенін айтып, әділдікті талап етті. Сөзінше, оқиға 19 тамыз кешке болған.

    Марқұм Ләззат Тасқынбаева күйеуі Тимурмен 14 жыл некеде болған. Ерлі-зайыптының 6 сынып және 2 сынып оқитын қыздары бар. Ер адам қыздарының көзінше әйелін соққыға жыққан көрінеді. Қазір қыздар интернатта екен.

    “Күйеуі Тимур жиі ішімдік ішіп, Ләззатты жүйелі түрде ұрып-соғатын. Ол шыдап үндемейтін, ешқашан шағымданбаған. Оны біз құрбыларынан енді естіп жатырмыз. Өте қызғаншақ болды. Тіпті Ләззат соңғы үш жылда жұмыс істей алмады, өмірін толықтай отбасына арнады. “Балаларымның әкесі” деп Тимурды қатты құрметтеді. Оған ұл туып беруді армандап кетті”, – деді марқұмның бөлесі Майра Садуақас.

    Майра Садуақас күдіктінің лайық жаза алғанын және оқиғаның тыныш қалмауын сұрайды.

    “Біз демократиялық, зайырлы елде тұрамыз. Бірақ неге әйелге өз үйінде де қауіпсіз емес? Неліктен «ұят» сөзі бізді әлі күнге дейін зорлық-зомбылық туралы үнсіз қалуға мәжбүр етеді? Неліктен әйелдің өмірі құнсыз? Енді Ләззаттың інісі шу шырғамай, посттарды алып тастауымды өтініп отыр. Мен оның отбасын құрметтеймін, олардың қайғысы мен күйзелісін түсінемін. Бірақ бұл істі тыныш қалдырмаймын. Осы постқа дейін полиция қылмыс туралы мойындамай, жоққа шығарды. Содан кейін растады. «Ұят» деп үндемеу – отбасын қорғау емес. Бұл – адам өлтіретін тыныштық”, – деді марқұмның жақыны.

    Ол сондай-ақ істің Қылмыстық кодекстің 99-бабы яғни “Адам өлтіру” деп қозғалмағанына наразы.

    Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға пікір білдірді.

    “Бұл факті бойынша «Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді тергеу амалдары басталды”, – деп мәлімдеді ПД.

    Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-тармағы «Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Фото: Жақындарының жеке архиві

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →