Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді • Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді • Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді •

    «Бір жылап алдым»: Ерке Есмахан күйеуінен ерекше сый алғанын айтты

    «Бір жылап алдым»: Ерке Есмахан күйеуінен ерекше сый алғанын айтты

    Фото: @erke_esmahan

    Қазақтың Еркесі күйеуінің берген сыйлығы көңілін босатқанын айтып, көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесі алдымен аяғы ауыр кезінде жолдасынан аллған сыйлықтарын көрсетті.

    “2 жылда 2 бала босану оңай емес. Оны түсінген күйеуім, Батырға аяғы ауыр кезімде көңіл күйімді көтеру үшін бәрін жасады. Өздеріңіз куәсіздер. Соңғы айларда қатты ауырсынып жүргенде сыйлықты жаударды. Қырқынан шығару кезінде де сыйлық алып берді. Әлі ашпадым да, тақпадым. Баршаңызға байдың қатыны болуды тіледім”, – деп жазды әнші.

    Одан кейін ерекше сыйлыққа да тоқталды. Әншінің сөзінше, жолдасы оған арнап ән шығарған көрінеді.

    “Жақында күйеуімнің барлық сыйлығын ысырып қоя салдым. Өйткені, жолдасым маған баға жетпес сыйлық дайындады. Менің сахнаны сағынғанымды сезіп, өнер адамы екенім туралы әңгіме бастады. Сөйтіп, студияға мені отырғызып, өзінің маған арнап, ән шығарғанын айтты. Тыңдап, еңкілдеп, бір жылап алдым. Ең үлкен сый осы болды. Жақын арада сіздер де тыңдайсыздар. Райм, мен сені сүйемін”, – деп жазды Ерке.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →