Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды

    Төреғали Төреәлі сахнадан кетпейтінін мәлімдеп, өзін жаңа қырынан көрсетті (ВИДЕО)

    Төреғали Төреәлі сахнадан кетпейтінін мәлімдеп, өзін жаңа қырынан көрсетті (ВИДЕО)

    Фото: @ToregaliToreali

    Танымал әнші Төреғали Төреәлі өнерден қол үзбейтінін мәлімдеп, жаңа жобасын – Tore Show бағдарламасын жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы SMARTNEWS.KZ сайтына сілтеме жасап.

    Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

    «Tore Show – алғашқы қадам. Өткен апта мен үшін ұмытылмас сәтке айналды. Көптен бері жүрегімде жүрген авторлық жобам тұңғыш рет көрерменге жол тартты. Бұл жай ғана шоу емес, бұл – менің жанымнан шыққан сыр, өнер мен өмір арасындағы көпір. Алғашқы қонағым болған Нұрлан Имам ағамызға шексіз алғыс», – деді әнші.

    Жаңа бағдарлама алдағы уақытта тұрақты түрде эфирге шығып, әр апта сайын жаңа қонақтар мен әңгімелер ұсынылатын болады. Сонымен қатар, әншінің сахнаға қайта оралуына продюсер Жан Мұқанов себепкер болған. Ол Төреғали Төреәлімен ресми келісімшартқа отырғанын мәлімдеді.

    «Бүгін біз алғаш рет ресми келісімшартқа қол қойдық. Енді бәрі – үлкендердің ойыны. Мен бұл жігіттің өнеріне, жүрегіне, болашағына сенемін. Әр адамға екінші мүмкіндік берілуі керек. Біреуді табалау – оңай. Ал қолдау көрсету – шынайы ерлік», – деп жазды продюсер.

    Айта кетейік, соңғы жылдары Төреғали Төреәлі сахнадан алыстап, көпшілік алдына сирек шығып жүрген болатын. Енді тың жобасы арқылы ол көрерменмен қайта байланыс орнатпақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →