Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады

    Ескерту жарияланды: Аптап ыстықтан 2300 адам көз жұмды

    Ескерту жарияланды: Аптап ыстықтан 2300 адам көз жұмды

    Еуропаның 12 ірі қаласында ауа райының аномалды ыстық болуы жүздеген адамның өліміне әкелді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Publika.az хабарлауынша, “World Weather Attribution” тобы жариялаған зерттеуде климат дағдарысы Еуропадағы аптап ыстықтан болатын өлім-жітім санын үш есеге арттырғаны айтылған.

    Ғалымдардың айтуынша, егер климаттың өзгеруі болмағанда, маусым айының соңы мен шілде айының басында Еуропада температура 1-4 градусқа салқынырақ болар еді.

    Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, Лондон, Париж, Мадрид, Барселона және Римді қоса алғанда, Еуропаның 12 ірі қаласында жалпы 2300 адам ыстықтан көз жұмған. Оның ішінде шамамен 1500-і немесе 65 пайызы адам әрекетінің салдарынан пайда болған жаһандық жылынумен байланысты.

    Өткен аптада Лондонда ауа температурасы 34°C-қа дейін жетіп, бұл Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігі тарапынан «янтарь түсті температура» ескертуінің жариялануына себеп болды.

    Зерттеуге қатысқан ғалымдар аптап ыстық толқындарын «үнсіз, бірақ жойқын» деп сипаттап, қазіргі жаһандық жылынудың 1,3°C деңгейінің өзі қарттар мен әлсіз топтар үшін өлімге әкелетінін атап өтті.

    Лондонда 263, Мадридте 317, ал Парижде 235 адам ыстықтан көз жұмған. Қайтыс болғандардың басым бөлігі – егде жастағы адамдар.

    Мамандар Еуропада қартайып келе жатқан халықтың жиілеп бара жатқан аптап ыстық толқындарының әсерінен үлкен қауіпке тап болатынын ескертті.

    Айта кетейік, маусымның 23-і мен шілденің 2-сі аралығында Еуропа аумағында қалыптасқан жоғары қысымды ауа мен Солтүстік Африкадан келген ыстық ауа ағыны температураның аномалды жоғарылауына себеп болған.

    Зерттеушілер мұндай талдаулар тек 12 қалада жүргізілгенін, сондықтан бұл мәліметтер Еуропада аптап ыстықтан қайтыс болғандардың нақты санын толық көрсете алмайтынын айтты. Шын мәнінде, бұл көрсеткіш ондаған мың адам болуы мүмкін.

    Фото: vzglyad

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →