Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды «Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО) 43 мыңнан астам отбасы ескі үйлерде тұрады: Алматыда реновация бағдарламасы баяу жүріп жатыр Қазақстан Президенті бірқатар елшілерді тағайындады Қазақстан Президенті бірнеше елшіні қызметінен босатты Аптап ыстық: ауа райына байланысты ескерту жасалды Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды «Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО) 43 мыңнан астам отбасы ескі үйлерде тұрады: Алматыда реновация бағдарламасы баяу жүріп жатыр Қазақстан Президенті бірқатар елшілерді тағайындады Қазақстан Президенті бірнеше елшіні қызметінен босатты Аптап ыстық: ауа райына байланысты ескерту жасалды

Тоқаев Трампқа хат жолдады: «Бұл америкалықтар үшін маңызды оқиға»

Тоқаев Трампқа хат жолдады: «Бұл америкалықтар үшін маңызды оқиға»

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы бұл күннің АҚШ халқы үшін маңыздылығын атап өтіп, еркіндік пен демократия құндылықтарының аса зор рөл атқаратынын жеткізді.

«Мен екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын және халықтарымыздың игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенімді білдіремін», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа мемлекеттік қызметінде табыс тіледі.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Дональд Трамп та Тоқаевқа туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдаған болатын. Онда АҚШ Президенті Қазақстан мен Америка арасындағы ынтымақтастықтың тарихи маңызын атап өтіп, республика егемендігі мен тәуелсіздігін қолдайтынын жеткізген.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика