Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әйелдер боксы: пайдасы, қауіпсіздігі және бастау жолдары • Андреева Рыбакинамен бірінші ракетка атағы үшін күрестен бас тартты • Қанат Құлмағамбетов Исраил Сүлейменовпен жекпе-жек өткізеді • Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР • Әйелдер боксы: пайдасы, қауіпсіздігі және бастау жолдары • Андреева Рыбакинамен бірінші ракетка атағы үшін күрестен бас тартты • Қанат Құлмағамбетов Исраил Сүлейменовпен жекпе-жек өткізеді • Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР •

    Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның інісін пышақтаған (ВИДЕО)

    Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның інісін пышақтаған (ВИДЕО)

    Қайғылы оқиға 22 маусым күні кешкі сағат 20:30 шамасында “Millennium Park” тұрғын үй кешенінде болған. Пәтерден пышақталған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.

    Алдын ала мәлімет бойынша, қызға бұрынғы жігіті шабуыл жасаған.

    Оқиға болар алдында көршілер пәтерден айқай-шу естіген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті өткен-кеткен адамдарға пышақпен шабуылдаған және марқұмның кішкентай інісін жаралаған. Жасөспірім жараланған күйі балалар алаңқайынан табылып, ауруханаға жеткізілді.

    Астана қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

    «Пәтерлерден пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнынан зорлық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Сонымен қатар оның кәмелетке толмаған інісі пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →