Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда 19 күндік нәрестеге жүрек отасы жасалды • Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Қарағандыда 19 күндік нәрестеге жүрек отасы жасалды • Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан •

    Қостанайда мысығы тістеп алған әйел көз жұмды

    Қостанайда мысығы тістеп алған әйел көз жұмды

    Қостанай облысы Қамысты ауданының тұрғыны үй мысығы тістеп алған соң құтырма ауруынан көз жұмды, деп хабарлайды «Наша газета» басылымына сілтеме жасаған Qazaq.today.

    Науқас әйел Лисаков қалалық ауруханасына құтырма ауруының клиникалық белгілерімен жеткізілген. Өкінішке қарай, пациентті аман алып қалу мүмкін болмаған.

    Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Баймұхаметовтің айтуынша, эпидемиологиялық тергеу барысында зардап шегушіні үй мысығы тістеп алғаны анықталған. Арада көп уақыт өтпей әлгі жануар із-түссіз жоғалып кеткен. Ал зардап шеккен әйел медициналық көмекке дер кезінде жүгінбеген және алдын алу мақсатында егілетін екпелерді алмаған.

    Дәрігерлерге арада уақыт өткізіп алып, аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде бір-ақ қаралған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →