Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Азиада-2026: Нұржан Батырбеков күміс жүлде еншіледі • Ауғанстанда жер сілкінді • Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті • «Ешқандай хайп емес»: Танымал блогерлердің шаңырағында не болып жатыр • Гимнасшы Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты • «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ • Азиада-2026: Нұржан Батырбеков күміс жүлде еншіледі • Ауғанстанда жер сілкінді • Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті • «Ешқандай хайп емес»: Танымал блогерлердің шаңырағында не болып жатыр • Гимнасшы Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты • «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ •

    Көкшетауда тұрғын үйдің бірінде газ жарылды

    Көкшетауда тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінің балконында газ плитасын жағу кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

    Оқиға облыс орталығындағы Наурызбай батыр көшесі 130 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде болған. 10 мамыр күні сағат 12:29-да «101» пультіне қоңырау түскен.

    «Оқиға орнына барған ТЖД қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйдің екіншісі қабатындағы балконда газ-ауа қоспасының жарылғанын анықтады. Шақырту орнына ТЖД жеке құрамынан 18 адам және арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Зардап шеккендер жоқ», — деді Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Максим Шатковский.

    Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалуға болады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →