Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды •

    Ақтауда подъездің кіреберіс шатыры құлап, бір адам қаза тапты

    Ақтауда көпқабатты тұрғын үй подъезінің кіреберіс шатыры опырылып, салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы екі жұмысшы жарақан алған. Бұл туралы Lada.kz Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Басылымның жазуынша, оқыс оқиға бүгін, 11 мамырда 9-шы шағын аудандағы №4 үйде болған.

    «Бір ер адамды құтқарып қалу мүмкін болмады, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметінен.

    Сонымен қатар ведомство басылымға зардап шеккен екі азамат қазір медициналық тексеруден өтіп жатқанын, олардың жағдайы тұрақты екенін мәлім еткен. Сондай-ақ басылымның мәліметінше, қаза болған және зардап шеккен азаматтар — мердігер ұйымның қызметкерлері. Оқыс жағдай олар подъездің кіреберіс шатырын бөлшектеу жұмысын жүргізіп жатқанда болған. Басылым қазіргі таңда оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →