Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді •

    «Әлі шешімін тапқан жоқ»: Министр сынып жетекшілерге төленетін қосымша ақы туралы айтты

    «Әлі шешімін тапқан жоқ»: Министр сынып жетекшілерге төленетін қосымша ақы туралы айтты

    Фото: egemen.kz

    Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақыға қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Журналистер сынып жетекшілігі үшін мұғалімдерге берілетін үстемеақыны 30 пайызға арттыру қашан жүзеге асатынын нақтылауға тырысты. Министр бұл мәселенің әзірге түбегейлі шешілмегенін атап өтті.

    Бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп талқылау жүріп жатыр. Себебі бұл – қаржылық жоспарлауды қажет ететін күрделі мәселе. Мұнда Оқу-ағарту министрлігінен бөлек, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің де қатысы бар. Дегенмен біздің министрлік бұл бағыттағы ұстанымынан тайған жоқ. Біз үшін бұл мәселенің тезірек шешілгені маңызды. Бірақ шешім қаржының қолжетімділігіне байланысты. Сондықтан нақты мерзім айту әзірге қиын, – деді Ғани Бейсембаев.

    Министрлік бұл мәселені күн тәртібінен түсірмей, әрі қарай да жұмыс жүргізе беретінін мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →