Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда кинотеатр қызметтері бір жылда 10,1%-ға қымбаттады • Ақтөбеде көлік батпаққа батып жатыр: Халида Маманова көшесі қашан жөнделеді? • Футболдан Ұлттық құрама ФИФА рейтингінде қайта көтерілді • Жан-Клод Ван Дамм қазақстандық фильмге түсуі мүмкін • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды марапаттады • Мөлдір Мұқанға ел ағасы той үстінде алғыс айтты • Қазақстанда кинотеатр қызметтері бір жылда 10,1%-ға қымбаттады • Ақтөбеде көлік батпаққа батып жатыр: Халида Маманова көшесі қашан жөнделеді? • Футболдан Ұлттық құрама ФИФА рейтингінде қайта көтерілді • Жан-Клод Ван Дамм қазақстандық фильмге түсуі мүмкін • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды марапаттады • Мөлдір Мұқанға ел ағасы той үстінде алғыс айтты •

    Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты ресми мәлімет шықты

    Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты ресми мәлімет шықты

    Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, ол ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы Қазақстан президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ұлттық госпиталі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

    «Пациент Қазақстан президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ұлттық госпиталінде ем алып жатыр. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 273-бабына сәйкес, пацинетке, оның диагнозына, денсаулық жағдайына қатысты мәліметтер «Медицина қызметкерінің құпиясы» деп аталатын санатқа жатады.

    Мәліметтерді жарияламау туралы шешім пациенттің мүддесіне сай, яғни оның құпия сақтауға қатысты заңды құқықтарын қамтамасыз ету, жеке өмірін құрметтеу және және емдеу процесін ықтимал араласудан қорғау мақсатында қабылданды. Түсіністік танытып, медициналық этика мәселелеріне құрметпен қарағандарыңыз үшін алғыс айтамыз», — деп хабарлады госпитал өкілдері NUR.KZ тілшісіне.

    Айта кетейік, бұған дейін желіде Сара Назарбаеваның ауырып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Кейін оны Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстандағы тұңғыш «SOS – балалар ауылдарының» түлегі Рафаэль Гасанов растады.

    Қазнетте Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы бұл деректің шындыққа жанаспайтынын айтып, Сара Алпысқызының ауруханада ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →