Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Достоевскийдің суреті салынған картина сыйға тартты Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңгені жымқыру ісі бойынша үкім шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты Челси ойыншы нөмірлерін жариялады: Сатпаев 36-нөмірді алды Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыда кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Достоевскийдің суреті салынған картина сыйға тартты Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңгені жымқыру ісі бойынша үкім шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты Челси ойыншы нөмірлерін жариялады: Сатпаев 36-нөмірді алды Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыда кездесті

    «Біздің тарихымыз бір»: Атақты актер Бурак Өзчивит қазақ киносына түсуге ниетті

    «Біздің тарихымыз бір»: Атақты актер Бурак Өзчивит қазақ киносына түсуге ниетті

    Әйгілі түрік актері Бурак Өзчивит қазақ киносына түсуге қызығушылық танытты. Бұл туралы ол Алматыға сапары барысында журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Атақты актер Алматы мен Астананы ерекше жақсы көретінін, алдағы уақытта Алматыдан баспана алуға ниетті екенін де жеткізді.

    «Мүмкіндік болса, тарихи киноға түскім келеді. Рөлді ойнау бар да, рөлді махаббатпен ойнау және бар. Мен атажұртпен түсіретін фильмдегі рөлді махаббатпен ойнар едім», — деді актер.

    Ол балаларының Қазақстанда өсіп-өнгенін қалайтынын жеткізді. Айтуынша, балаларының өскенін күтіп жүр.

    «Болашақта балаларымды Алматыға алып келемін. Маған Қазақстан ұнайды. Балаларым қазір кішкентай, мен олардың шетсіз-шексіз атажұртта өскенін қалар едім», — деді Бурак.

    Бурак Өзчивит сондай-ақ тарихты насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, түркі жұртының бай шежіресін жас ұрпаққа жеткізу жолында өз үлесін қосуға дайын екенін жеткізді.

    «Өткенімізді ұмытпауымыз керек. Жастарға, жас ұрпаққа тарихымызды түсіндіруіміз керек. Сол үшін мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Біздің тарихымыз бір. Ұшақпен арамыз алты сағат, бірақ біздің жүрегіміз осында, Қазақстанда», — деді ол.

    Айта кетейік, Алматыда Бурак Өзчевиттің қатысуымен өткен баспасөз конференциясын RAMS QAZAQSTAN компаниясы ұйымдастырды. Актер алматыда түрік компаниясының бастамасымен қолға алынған ауқымды жобаның ресми амбассадоры болды. Ол Алматы төрінде салынатын қырық қабатты ауқымды құрылыс жобасы болмақ. Әлемдік деңгейдегі жоба төрт жылда салынып бітпек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →