Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Миллуолл» — «Бернли»: Сатпаевсыз матчтың тікелей трансляциясы • Понтус Оберг Қазақстанда ойнағаны үшін Швецияда қудалауға ұшырағанын айтты • Мадина Оспан: «Декрет» фильмін аналардың ішкі күйзелісін көрсету үшін түсірдік • Ресей хоккей құрамасы Универсиада-2027-ге Новогорскіде дайындалады • Еуропаны қар жауып, жүздеген жол апаты мен электр үзілістері тіркелді • Фариза Бекібай бұрынғы енесімен қарым-қатынасын сақтап қалғанын айтты • «Миллуолл» — «Бернли»: Сатпаевсыз матчтың тікелей трансляциясы • Понтус Оберг Қазақстанда ойнағаны үшін Швецияда қудалауға ұшырағанын айтты • Мадина Оспан: «Декрет» фильмін аналардың ішкі күйзелісін көрсету үшін түсірдік • Ресей хоккей құрамасы Универсиада-2027-ге Новогорскіде дайындалады • Еуропаны қар жауып, жүздеген жол апаты мен электр үзілістері тіркелді • Фариза Бекібай бұрынғы енесімен қарым-қатынасын сақтап қалғанын айтты •

    Іле ауданындағы мектепте болған әлімжеттіктің видеосы тарап кетті

    Іле ауданындағы мектепте болған әлімжеттіктің видеосы тарап кетті

    Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылындағы мектепте орын алған оқиға деп әлеуметтік желіге тараған видео қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде тараған видеожазбада бір оқушының басқа балаларды мектептің дәретханасы сияқты оқшау жерінде тізіп қойып ұрып жатқан сәттері анық көрінеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Аталған жағдайға байланысты ата-аналар мен қоғам белсенділері алаңдаушылық білдіруде. Олар жастар арасындағы агрессияның алдын алу және оқу орындарындағы қауіпсіздікті күшейту мәселесін көтеріп отыр.

    Алматы облысының прокуратурасы мен білім басқармасынан оқиғаның мән-жайын толық зерттеп, тиісті шара қолдануды талап етеміз. Мұндай өрескел тәртіп бұзушылық пен мектеп ішіндегі зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қағидасы бойынша қатаң жауапкершілік қарастырылуы қажет.

    «Жастардың тәрбиесіне, мектептердегі тәртіп пен қауіпсіздікке аса назар аудару — бүгінгі күннің маңызды талабы. Бұл мәселеге салғырт қарау орны толмас салдарға әкелуі мүмкін.

    Біз Алматы облысының прокуратурасы мен жауапты мекемелерден бұл оқиғаны жіті бақылауға алып, заң аясында әділ шешім қабылдауды сұраймыз», — деліген жазбада. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →