Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қор нарығында теңге нығайды

    Қор нарығында теңге нығайды

    Фото: Pixabay

    Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.  

    KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,15 теңгеге арзандады.

    Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,07 теңге.

    Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518 теңге. Еуро 595 — 600 теңге аралығында құбылып тұр.

    Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 592 теңгеден сатып алынып, 599,7 теңгеден сатылып жатыр.

    Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,27 — 6,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

    Ұлттық банктің 22 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,53 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,43 теңге. Еуро — 601,01.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →