Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты

    Атышулы «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

    Атышулы «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

    Қызылордада «Qnet» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды және олардан 301 миллион теңге активтер тәркіленді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше,»Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды.

    Күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде «QVI tripsaver» жалған саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген.

    «Қатысушылардың салымдары 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін ауытқып, міндетті шарт ретінде басқа қатысушыларды тарту талап етілген. Нәтижесінде қаржы пирамидаға 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған», — делінген ақпаратта.

    Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    «Сот шешімімен 301 миллион теңге құны бар Астана қаласынан 7 пәтер және «Toyota Camry» автокөлігі тәркіленді», — деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →