Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті

    «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижесі шықты

    «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижесі шықты

    «Наурыз» бағдарламасы бойынша 12 000 салымшы іріктеуден өтті. Бұл туралы «Отбасы банк» баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Наурыз» бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелері otbasybank.kz сайтында жарияланды.

    Осы ретте «Отбасы банк» өкілдері іріктеуден өткеннен кейін салымшыларға не істеу керегін түсіндірді.

    «10 сәуірден 16 мамырға дейін (қоса алғанда) сізді несиеге өтінім беруге шақырамыз. Өтінімді кез келген банк бөлімшесінде, кеңес беру орталықтарында немесе онлайн түрде бере аласыз.

    Өтінім бергеннен кейінгі келесі қадам – тұрғын үй таңдау және рәсімдеу. Көңіліңізге қонымды пәтерді табуға және рәсімдеуге несие мақұлданған күннен бастап алты ай беріледі.

    Жылжымайтын мүлікті Baspana Market платформасынан қарап, таңдайсыз», — делінген банк хабарламасында.

    Сондай-ақ Отбасы банк өкілдері бір несие аясында жөндеуге арналған қосымша қаражат алуға да болатынын еске салды.

    Одан бөлек банк тізімнен өзін таппаған салымшыларға кеңес берді.

    «Бағдарлама әлі 6 жыл бойы жұмысын жалғастырады. Депозитті тұрақты түрде толықтырып отырсаңыз, тағы да қатысу мүмкіндігі болады», — дейді банк өкілдері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →