Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Қайтыс болғандар бар»: Алматыда мотоцикл жүргізушісі жантүршігерлік жол апатын жасады

    «Қайтыс болғандар бар»: Алматыда мотоцикл жүргізушісі жантүршігерлік жол апатын жасады

    Қазіргі уақытта қайғылы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алматы қаласы Полиция департаменті жол апатының 9 сәуір сағат 1:30 шамасында Алатау ауданында болғанын мәлімдеді. Мотоцикл жүргізушісі Т.Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, алдымен жеңіл көлікке соқтығысады. Содан соң қозғалысты тоқтатпаған күйде 3 жұмысшыны қағып өткен.

    – Өкінішке қарай, екі ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ал әйел ауыр халде қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Полицияның анықтау басқармасы екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады, – дейді департамент мамандары.

    Дәрігерлер мотоцикл қағып кеткен әйелдің денсаулығы туралы да айтып өтті. Олардың сөзінше, жарақат алған жұмысшының жағдайы мәз емес.

    – Пациент №7 қалалық клиникалық ауруханаға көптеген жарақатпен ауыр халде түсті. Қазір реанимация бөлімшесінде барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Жағдайы өте ауыр, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →