Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты •

    Тоқаев Қытай Коммунистік партиясының мүшесі Лю Цзяньчаомен кездесті

    Тоқаев Қытай Коммунистік партиясының мүшесі Лю Цзяньчаомен кездесті

    Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын атап өтті.

    ????Президент маусым айында екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келетін ҚХР Төрағасының сапары аясында стратегиялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері айқындалатынына сенім білдірді.

    Мемлекет басшысы Төраға Си Цзиньпиннің халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сай әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруды көздейтін жаһандық бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

    ????Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің «біртұтас Қытай» саясатына бейіл екенін растады.

    Лю Цзяньчаоның айтуынша, Қытай Қазақстанды стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес ретінде қарастырады және қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты әріптестігін тереңдетуге ерекше мән береді.

    Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →