Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды •

    «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің өліміне күдіктілер ұсталды

    Қарағанды облысының полицейлері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасап. 

    Облыстық полиция департаменінің мәліметінше, жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен қаланың 52 жастағы азаматы мен 44 жастағы азаматшасы ұсталды.

    «Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды»,-деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

    Еске сала кетейік, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын.

    Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабына «Адам өлтіру» сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →