Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Марокко құрамасы Канаданы талқандап, ширек финалға шықты Бокс әлем чемпионы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілікті Еркебұлан Тоқтар бірінші раундта Артем Тарасовты нокаутқа жіберді Елена Рыбакина Уимблдон-2026-да үшінші айналымда жеңілді Күніне 30 минуттан артық отыру қатерлі ісік қаупін арттырады – зерттеу Миллиардтар қайда кетті: ҚазАвтоЖолдың «Жезқазған-Қызылорда» жолы сын көтермейді Марокко құрамасы Канаданы талқандап, ширек финалға шықты Бокс әлем чемпионы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілікті Еркебұлан Тоқтар бірінші раундта Артем Тарасовты нокаутқа жіберді Елена Рыбакина Уимблдон-2026-да үшінші айналымда жеңілді Күніне 30 минуттан артық отыру қатерлі ісік қаупін арттырады – зерттеу Миллиардтар қайда кетті: ҚазАвтоЖолдың «Жезқазған-Қызылорда» жолы сын көтермейді

Скляр Авиация әкімшілігінің директорлар кеңесінің құрамынан шықты

 

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, «ҚР Авиация әкімшілігі» АҚ (АА) бұрынғы бас директоры Питер Гриффитс және «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК бас директоры Азат Бектұров ААК директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.

«Қоғамның директорлар кеңесі төрағасының және келесі мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын:

Скляр Роман Васильевич – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;

Питер Гриффитс – «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры;

Бектұров Азат Ғаббасұлы – «Қазаэронавигация» РМК бас директоры;

Мәуленов Миран Ғазизұлы – тәуелсіз директор» делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің бұйрығында.

Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевті Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Азаматтық авиация комитеті директорлар кеңесінің сандық құрамы төрт адам көлемінде айқындалады.

Айта кетсек, Еуропалық комиссияның 2021 жылғы қазандағы сапарының қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түзету шаралары мен ұсынымдар бөлігінде Азаматтық авиация комитеті мен «Қазаэронавигация» арасында нақты бөліну жоқ екені тіркелген. «Қазаэронавигация» АҚ ААК-ны қаржыландыруға қатысуы, ал «Қазаэронавигация» АҚ бас директорының ААК директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатындығы расталды.

Еске салсақ, бұған дейін «Қазаэронавигация» таратылған «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-на орналастырылғаннан кейін 14 млрд теңге мемлекет қаражатын басып алып, жоғалтты деп айыпталған болатын.

Дереккөз

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика