Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі Мексикалық балықшылар тоңазытқыш жәшікте 5 күн аман қалды Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі Мексикалық балықшылар тоңазытқыш жәшікте 5 күн аман қалды

    «20 рет тапсырдым»: 17 жастағы қазақ қызы IELTS-тан әлем бойынша максималды балл алды (ВИДЕО)

    «20 рет тапсырдым»: 17 жастағы қазақ қызы IELTS-тан әлем бойынша максималды балл алды (ВИДЕО)

    17 жастағы қазақ қызы халықаралық деңгейдегі ағылшын тілі сынағы — IELTS емтиханынан ең жоғарғы балл алды. 11 сынып оқушысы әлем бойынша осындай жаста 9 балл алған тұңғыш адам, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    17 жастағы Сая Қыдырәлінің 9 балл алғаны әлеуметтік желіден белгілі болды. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында әсерлі видео жариялап, анасынан сүйінші сұраған. Ол бұл жетістікке қалай жеткенін «Қазақстан» телеарнасына берген сұхбатында толығырақ айтып берді. Оқушының айтуынша, ол әлемде мұндай жетістікке жеткен алғашқы жан.

    «Гиннес рекордтар кітабына өтініш бердік. Қазір қабылданып жатыр. Ал әлем бойынша 17 жаста осындай ұпай жинаған әлемдегі алғашқы жанмын. Бұған дейін мұндай балл алған адамның жасы 20-да болған», — дейді Сая.

    Сая маңызды сынақтан максималды балл жинау үшін қаншама жылын сарп еткенін айтады. Ал шет тілін 6 жасынан бастап үйрене бастаған.

    «Бұл сынақты тапсыруға бірнеше жылымды арнадым. Ағылшын тілін 6 жасымнан үйрене бастадым. 7 жасымда дұрыс методиканың арқасында еркін сөйлей бастадым. 9 жасымда ерікті ретінде сабақ бере бастадым. Бірінші IELTS-ті 11 жасымда тапсырғанмын. Ағылшын тілінің деңгейі жоғары болса, небәрі 6,5 ұпай жинап қалдым. Бұл емтиханға ағылшын тілін білу жеткіліксіз. Оның қыр-сырын түсіне білу керек. 15 жасымда екі рет тапсырдым, 16 жасымда 8,5 ұпай жинадым. Жалпы алғанда бұл сынақты 20 рет тапсырдым», — дейді ол.

    Сая Қыдырәлі биыл мектеп бітіреді. Ол бірден оқуға түспейтінін, бірер жыл өзін басқа салада сынап көргісі келеді, дейді. Ал қазіргі таңда өзі де басқаларға ағылшын тілін үйретіп, болашақта бірнеше елден мектеп ашуды жоспарлап отыр.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от САЯ КИДИРАЛИ | IELTS ТИТАН (@saya.kidirali)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →