Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда күзгі демалыс басталды: министрлік ата-аналарға үндеу жасады • СпортNUR — Қазақстан мен әлемнің басты спорт жаңалықтары • Әнші Айкерім Қалаубаева марапатқа ие болып, желіде сынға қалды • Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • Қазақстанда күзгі демалыс басталды: министрлік ата-аналарға үндеу жасады • СпортNUR — Қазақстан мен әлемнің басты спорт жаңалықтары • Әнші Айкерім Қалаубаева марапатқа ие болып, желіде сынға қалды • Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады •

    Болгариядағы жарысқа еліміздің ең үздік боксшылары қатысады

    Болгариядағы жарысқа еліміздің ең үздік боксшылары қатысады

    Фото: ҰОК

    Ақпан айында қазақ боксшылары үш бірдей ірі халықаралық турнирге қатысады. Үш жарысқа үш түрлі құраммен барады, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

    3 ақпан күні Испанияның Ла-Нусия қаласында «Boxam» турнирі басталады. Оған баратын боксшылар анықталып қойды. Бұл турнир World Boxing ұйымдастырып жатқан алғашқы халықаралық жарыс.

    Бұл жарыспен қатар Сербияда «Belgrade Winner» турнирі басталады.

    Ал ақпандағы басты бәсекенің бірі Болгария елінің астанасы Софияда өтеді. «Странджа» халықаралық турнирі кіл мықтылардың басын қосады. Жарысты «кіші әлем чемпионаты» деп те атайды.

    Биыл бұл жарысқа ұлттық құраманың ең үздік боксшылары қатысады деп күтілуде. Sportarena.kz мәліметінше, Қазақстан құрамасы Болгарияда ең мықты құраммен бақ сынайды.

    «Бұл шешімнің себебі – соңғы екі жылда командамыздың өзбек боксшыларына есе жіберуі ме, әлде лидерлерді шынайы жекпе-жекте сынау ниеті ме, белгісіз», — деп жазады басылым.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 13 қаңтардан бастап Түркістан облысында жаңа маусымға дайындығын бастап кетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →