Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады

    Полиция формасымен тікелей эфирге шыққан: Шымкентте тиктокер жауапқа тартылды

    Полиция формасымен тікелей эфирге шыққан: Шымкентте тиктокер жауапқа тартылды

    Фото: polisia.kz

    Полиция қызметкерлері TikTok желісінде полицей қыздың тікелей эфирінің бейнежазбасын анықтады, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    ІІМ мәліметінше, полиция формасын киген қыз ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушысын анықтады.

    «Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы азамат болып шықты. Полицияның киімін заңсыз кигені үшін құқықбұзушыға әкімшілік хаттама толтырылды. Киім тәркіленді», — деп жазылған хабарламада.

    Полиция айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киімді, сондай-ақ арнаулы киімді заңсыз киіп жүру (пайдалану) құқықбұзушылыққа жататынын ескертті. Бұл үшін киім тәркіленіп, әкімшілік айыппұл салынады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →