Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейінгі жар іздеу сапары туралы айтты 18 жастағы американдық актриса Кейли Хоттл көлік апатынан қайтыс болды Алматылық зейнеткер телефон алаяқтарының кесірінен 53 жылдық пәтерінен айырылды Мұхамеджан Тазабек ағасының 70 жылдығына арнап жылы лебіз білдірді Иран ИИРКК АҚШ базасы мен Amazon деректер орталығына соққы жасады Болгария Иран қарсылығына қарамастан АҚШ ұшақ-жанармайқұйғыштарын орналастыруға рұқсат берді Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейінгі жар іздеу сапары туралы айтты 18 жастағы американдық актриса Кейли Хоттл көлік апатынан қайтыс болды Алматылық зейнеткер телефон алаяқтарының кесірінен 53 жылдық пәтерінен айырылды Мұхамеджан Тазабек ағасының 70 жылдығына арнап жылы лебіз білдірді Иран ИИРКК АҚШ базасы мен Amazon деректер орталығына соққы жасады Болгария Иран қарсылығына қарамастан АҚШ ұшақ-жанармайқұйғыштарын орналастыруға рұқсат берді

    Қазақстанда автонесие көлемі рекордтық деңгейге жетті

    Қазақстанда автонесие көлемі рекордтық деңгейге жетті

    Фото: shoes-web.ru

    2025 жылдың 1 қаңтарында автонесие портфелі 3,6 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде ол 44,8 пайызға немесе 1 119,3 млрд теңгеге өсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бірінші несиелік бюро бас директоры Руслан Омаров автонесие несиелеудің ең қарқынды дамып келе жатқан саласы екенін атап өтті.

    Оның мәліметінше, жасалған автонесие бойынша келісімшарттардың жалпы саны 591 мыңнан асты. Ал борышкерлер саны 559,2 мың шамасында. Екі көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда артқанын көрсетті.

    — Біз автонесие бойынша рекордты екінші жыл қатарынан көріп отырмыз. 2023 жылы өсім 64 пайыз болса, 2024 жылы — 44%. Яғни, негізгі портфель тұрақты динамикасын көрсетуді жалғастырып жатыр, — деді ол.

    Былтыр берілген автонесие көлемі — 1,8 трлн теңге. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 13,2%-ға артық. Несие алушылардың саны 214 мың адамға жетіп, 10,2%-ға өсті, ал жасалған шарттар — 228,4 мың. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп.

    Автонесие шарттары бойынша орташа қарыз 8 млн теңге шамасында. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,1%-ға немесе 529,5 мың теңгеге артық. Орташа қарыз 10,8%-ға немесе 742,3 мың теңгеге өсіп, 7,6 млн теңгеге жетті.

    — Көліктің орташа құны — 10 млн теңге, — деді ол.

    Сондай-ақ спикер желтоқсан айында 25 600 көлік сатылғанын, ал берілген несиелер саны 26,7 мың болғанын атап өтті.

    Берілген автонесиенің жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 13,2%-ға өссе, автокөліктер 6,4%-ға қымбаттады. Несиенің ең көп көлемін екінші деңгейлі банктер берген – 3 039,8 млрд теңге.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →