Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Тұрсынбек келмеген: Мөлдір Мұқан үш баласына алғаш рет күйеусіз той жасады (ВИДЕО) Байдың балалары заңға бағынбайды: Алматыда түнгі заңсыз автожарысқа қатысқан 10 көлік айып тұрағына қойылды Трамптың өтініші және жанжалды матч: Бельгия АҚШ-ты жеңіп 1/4 финалға жолдама алды Криштиану Роналдудың көз жасы: Португалия әлем чемпионатынан шығып қалды Испания футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалияны ұтты ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Тұрсынбек келмеген: Мөлдір Мұқан үш баласына алғаш рет күйеусіз той жасады (ВИДЕО) Байдың балалары заңға бағынбайды: Алматыда түнгі заңсыз автожарысқа қатысқан 10 көлік айып тұрағына қойылды Трамптың өтініші және жанжалды матч: Бельгия АҚШ-ты жеңіп 1/4 финалға жолдама алды Криштиану Роналдудың көз жасы: Португалия әлем чемпионатынан шығып қалды Испания футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалияны ұтты ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады

«Сені шексіз сүйемін»: Мөлдір Әуелбекова 18 жасындағы оқиғаны есіне алды

«Сені шексіз сүйемін»: Мөлдір Әуелбекова 18 жасындағы оқиғаны есіне алды

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова Алматыға алғаш рет қалай келгенін айтты, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат порталы.

«Мен Алматыға 21 жыл бұрын, 18 жасымда келдім. Сол кезде бұл қала мен үшін алыстағы ала алмайтын қамалдай көрінетін. Жолым мен мүмкіндіктерім анық емес, армандарым алыста сияқты еді. Бірақ, Алматы уақыт өте келе, әрбір адамды құшақ жая қарсы алып, жаңа бастамалар мен биік асуларға жетелейтін есіктер ашатынын түсіндірді», — деді әнші.

Алайда өнер иесінің армандарын да орындаған дәл осы Алматы қаласы екен.

«Қазір Алматыда өніп-өркендеп, керемет өмір сүріп жатырмын! Бұл қала менің армандарымды жүзеге асырып, мені үлкен жетістіктерге жетеледі. Алматы мен үшін тек қала емес, ол менің өмірімнің бір бөлігі, жүрегімнің терең түкпірінен орын алған арманымның жүзеге асқан жері. Мені шын бақытқа бөлеген қала — Алматым! Сені шексіз сүйемін!», — деді Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі жазбасында.

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика