Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шымкентте дәрігерді балағаттаған науқас қамауға алынды

    Шымкентте дәрігерді балағаттаған науқас қамауға алынды

    Шымкенттегі емханалардың бірінде науқас дәрігерді балағаттағаны үшін 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қалалық соттың мәліметінше, 5 қаңтар күні ер адам жанжал кезінде дәрігерге балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

    Кінәлі жәбірленушіден кешірім сұрап, өзін қатаң жазаламауын сұрады.

    «Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады», –делінген хабарламада.

    Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →