Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Australian Open: Елена Рыбакина 17 жастағы теннисшіні ұтты

    Australian Open: Елена Рыбакина 17 жастағы теннисшіні ұтты

    Фото: ҚР ҰОК

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды, деп хабаралйды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 191-орындағы америкалық, 17 жастағы Ива Йовичпен бетпе-бет келді.

    Рыбакина бірінші партияда бет қаратпады – 6:0.

    Екінші сетте Йович ұзаққа созылған геймде есепті теңестірді – 1:1. Сосын тіпті брейк жасап кетті – 2:1. Дегенмен Елена алысқа ұзатпады – 3:3. Содан кейін өзі алға шықты – 5:3. Матчқа доп бергенде, қиналған жоқ – 6:3.

    Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 4 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Йович 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) ғана көзге түсті.

    Елена Рыбакина төртінші айналымға өту үшін әлемнің 33-ракеткасы, украиналық, 24 жастағы Даяна Ястремскаямен таласады. Ол небәрі 52-минутта черногориялық Данка Ковиничті ойсырата ұтты – 6:0, 6:1.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Юлия Путинцеваның үшінші айналымға жолдама алғанын жазған болатынбыз.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →