Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты

    Тоқаев қызмет бабында қайтыс болған марқұм полицейді марапаттады

    Тоқаев қызмет бабында қайтыс болған марқұм полицейді марапаттады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм полицей Шалхар Байжомартовты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысы полиция департаментіне жұмыс сапары барысында табыстады. Ол отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігі мен қызметіне адалдығы туралы айтты.

    «Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді», – деді Айдар Сайтбеков.

    Айта кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылы 20 желтоқсанда болды. Жол апатын тіркеу кезінде көлік жүргізушілерінің бірі тізгінге ие бола алмай, полицейді қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →