Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? •

    Елена Рыбакина Australian Open жарысын жеңіспен бастады

    Елена Рыбакина Australian Open жарысын жеңіспен бастады

    Фото: Getty images

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады. Бірінші ойында қарсыласын айқын басымдықпен ұтып шықты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

    Елена алғашқы айналымда 16 жастағы аустралиялық Эмерсон Джонспен кездесті. Ойын бар болғаны 54 минутқа созылып, қазақстандық теннисші екі сетте де 6:1 есебімен жеңіске жетті.

    «Қарсыласыңды білмеген кезде, өзіңе назар аударуға тырысасың. Мен өзімнің ойынымда допты ойынға қосу үлкен рөл атқаратынын білемін. Сол себепті осыған назар аудардым. Оның соққыларына үйрену үшін маған бірнеше гейм қажет болды. Ол өте жас, өте дарынды. Оның болашағы зор», — деді Рыбакина ойыннан кейін.

    Айта кетейік, ерлер арасында Александр Бублик пен Александр Шевченко жарысты бірінші айналымда аяқтады. Жұптық сайыс бойынша жарыста бағын сынап көретін болады. Ал Юлия Путинцева бірінші кезеңде Элина Аванесянмен ойнайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →