Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады

    Үш рет пышақ сұққан: Өзбекстан азаматы Алматыда полицейді өлтіріп тастады

    Үш рет пышақ сұққан: Өзбекстан азаматы Алматыда полицейді өлтіріп тастады

    Алматы қаласының Медеу ауданында болған қақтығыс кезінде полиция қызметкері пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo.

    egovpress деректеріне сәйкес, қақтығыс полиция қызметкері мен Өзбекстан азаматы арасында болған. Жанжал барысында құқық қорғау органының қызметкері шетелдік азаматты беттен ұрып жіберген. Жауап ретінде күдікті пышақ шығарып, полицейдің жүрек және іш аймағына үш рет соққы жасаған. Ауыр жарақат алған қызметкер ауруханаға жеткізілгенімен, көз жұмды.

    «Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кету керек, полиция қызметкері оқиға кезінде қызметтік міндеттерін атқармаған және жұмыс уақытынан тыс жүрген», – деп хабарлады полиция департаменті.

    Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қаза тапқан қызметкер – Медеу ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →