Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? •

    Әзербайжандықтар Ресеймен футбол ойнағысы келмейді

    Әзербайжандықтар Ресеймен футбол ойнағысы келмейді

    Фото: report.az

    Бұған Ақтау маңындағы ұшақ апаты себеп болуы мүмкін.

    Әзербайжан футбол федерацияларының қауымдастығы Ресей футбол одағымен 2025 жылы ұлттық құрамалар арасындағы жолдастық кездесу туралы келіссөзді тоқтатқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    УЕФА соңғы отырысының бірінде Ресей футбол одағы мен Әзербайжан футбол федерациялары қауымдастығының (АФФА) өкілдері көктем немесе жазда жолдастық кездесу ұйымдастыруды сөз еткен-ді. Десе де, бұл ойын ресми келіссөздер деңгейіне жетпеген. Оған себеп Ақтау маңында құлаған әзербайжандық ұшақ апаты болуы ықтимал. Апаттан кейін Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев Ресейдің ресми басшыларын ауыр айыптаған еді.

    Еске салайық, Ресей құрамасы Халықаралық футбол федерациясы мен Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының санкцияларына байланысты бірнеше рет халықаралық турнирге қатыспады. Бір ғана мысал, 2022 жылы Катарда жалауын желбіреткен әлем чемпионатында бой көрсетпеді. Одан қалды, 2024 жылы Германияда өткен Еуропа чемпионатына қатысу құқығынан айырылса, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесіне де аталған құрама жіберілмеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →