Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты •

    Қытаймен шекарадағы кеден бекетінің басшылары ұсталды – видео

    Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасы ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.

    Ресми мәліметке сәйкес, 28 ақпанда Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті «Нұр Жолы» кеден бекетінде шұғыл шаралар өткізді. Қадағалау органының қызметкері қылмыстық әрекеттің имитациясын жасаған. Оған тексеріс бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру фактісі құжат түрінде рәсімделген.

    «Аталған факті бойынша «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды», — делінген ресми хабарламада.

    Бұдан бөлек, уәкілетті экономикалық операторлардың бір өкілі қолға түсті. Ол ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін тексерушілерге 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген.
    Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →