Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

«Тәте болсаңдар, Еркедей болыңдар»: Раймның әйелі көпті өзіне қаратты (ФОТО)

«Тәте болсаңдар, Еркедей болыңдар»: Раймның әйелі көпті өзіне қаратты (ФОТО)

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жаңа суреттер жариялап, ел назарын өзіне аударды. Қалың көпшілік 40 жасқа толған әншінің сұлулығына тәнті болған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Ерке Есмахан туған күнінен кейін Instagram желісінде байланысқа шығып, оқырмандарын жаңа фотолармен қуантты. Өнер иесі көпшілікке кезекті ерекше образын паш еткен. Бұл жолы әнші тек қоңыр түсті киімдер мен аксесуарларды таңдаған. Оған қоса шоу-бизнес жұлдызы сұлулық тақырыбын қозғап, желі қолданушыларына үндеу жасады.

«Менің жаным әдемілікке құштар. Өз өмірімді өзім әрлендіремін. Жанның, тәннің, ойдың, сөздің сұлулығы айналаңызды да өзгертеді. Әлемді өзгертуді өзімізден бастайық», — деген жазба қалдырды ол.

Оқырмандар Ерке Есмаханның образын бірден талқылап, оның асқан сұлулығына тәнті болған.

«Тәте болсаңдар, Еркедей болыңдар. Жасқа қарамай, қыздай болып жүресің», «Талғамы биік ару», «Сұлулық дегенде бірінші болып ойыма Ерке түседі», «Сіздің бейнеңіз – уақыттан тыс қалған сұлулықтың символы. Терең ой, нәзік қарапайымдылық және табиғи әсемдік – бәрі бір сәтте көрініс тапқандай. Әлемді өзгертетін сұлулық, ең алдымен, жүректен басталатынын дәлелдейсіз», «Не кисе де, не айтса да хит болатын жан», «40 жасында қыздай болып жүру бізге де бұйырсын», — деп жазуда көпшілік. 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика