Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

«Қалыңмалым 1000 доллар болды»: Дана Есеева алғаш келін болып түскен кезін еске алды

«Қалыңмалым 1000 доллар болды»: Дана Есеева алғаш келін болып түскен кезін еске алды

Отандық танымал блогер әрі кәсіпкер Дана Есеева отбасындағы ерекше дәстүрлер туралы айтып, алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алды. Желі жұлдызы жолдасы Мейіржан Төребаевтың жанұясына сіңісу үшін не істегенін айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Дана Есеева отбасындағы дәстүр туралы Дина Төлепбергенге берген сұқбатында айтты. Оған қоса блогер алғаш келін болып түскен кезін еске алып, қалыңмалы қанша болғанын жеткізді.

«Біз дастарханға барлығымыз бірге отыруға тырысамыз. Сосын үйде нанды ер адам кеседі. Мейіржан жоқ болған соң, бұл қызметті үлкен ұлым атқарады. Мен бала кезімнен сондайды көріп өстім. Нанды әркез әкем кесетін. Біз тиіспейтінбіз. Менің қалыңмалым 1000 доллар болды. Ол кезде доллар деген басқаша ғой. 120 мың теңге шамасында болды. Сол кездегі баға бойынша ол өте жеткілікті сомма болды. Мейіржанның отбасы сондай қаражат алып келген болатын. Беташарда бір қызық жағдай болды. Мен тек сол кезде ғана Мейіржанның ағалары мен көкелерінің есімін атай алмайтынымды білдім. Жаңа отбасыға сіңісу үшін сен олардың заңдары мен дәстүрін қабылдайсың. Әйел адам нағыз байланыстырушы құрал екенін сезіндім. Ер адам сыртқы өмірде маңызды болса, әйел ішкі өмірде маңызды тұлға», — деді ол.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика